Жұмабай Шаңқатұлы Жандәулетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұмабай Шаңқатұлы Жандәулетов

1948 жылы 1 тамызда Ақтөбе қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Жандәулетов Шаңқат, марқұм, ҰОС ардагері, КСРО Мемлекеттік банкінің инкассаторы болып жұмыс істеген. Анасы - Жандәулетова Балкенже.

Алматы халық шаруашылық институтының «Қаржы және несие» факультетін (1977) экономист мамандығы бойынша; Мәскеу қаржы академиясындағы біліктілік арттыру курстарын (1987) бітірген.

Қазақ, орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1972-1991).

1968 жылдан - КСРО Мемлекеттік банкінің Комсомол бөлімшесінде несие инспекторы (Ақтөбе облысының Комсомол кенті); Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық кеңсесінде экономист. 1973 жылдан - КСРО Мемлекеттік банкінің Жезқазған облыстық кеңсесінде ақша айналымы бөлімінің бастығы. 1976-1987 жылдары - КСРО Мемлекеттік банкі қалалық басқармасының бастығы (Жезқазған қаласы). 1989 жылдан - Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Ақтөбе облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 1989 жылдан бері - ҚазКСР Ұлттық банкінің Ақтөбе аумақтық бөлімшесінің жетекшісі (1993 жылдан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ). Жезқазған қалалық және облыстық Халық депутаттары кеңестерінің депутаты (1981-1986).

Марапаттары

«Жауынгерлік ерлігі үшін» (1970), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен; Түркіменстан ЛКЖО ОК грамотасымен (1970); Жезқазған облыстық атқару комитетінің құрмет грамотасымен (1983); «КСРО Мемлекеттік банкі үздігі» (1976), «ҚР Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері» (2001) белгілерімен марапатталған.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - «Ар-ождан мен ата-бабаны құрметтеу».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев.

Қазақстанныңболашағы туралы болжамы

Қазақстанныңболашағы туралы болжамы -«Қазақстанның болашағының негізі - еңбекқорлық, табандылық пен оптимизм».

Хоббиі

Хоббиі - тарих, әдебиет, балық аулау.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - Л. Гумилев, Ч. Диккенс, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Үй жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Жандәулетова Шәмшия Батырханқызы, зейнеткер, «Металлтұрмысжөндеу» зауытының директоры болған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify