Асқар Киікбайұлы Рзаханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жақында қайтыс болған Рзаханов Асқар Киікбайұлы (1961 жылы туған, Маңғыстау ауданы) — инженер-механик, заңгерлік Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1984) және Орта Азия университетін (2001) бітірген. 1984–1987 жылдары Маңғышлақ барлау-бұрғылау басқармасы комсомол комитетінің хатшысы, 1987–1988 жылдары Мұнайлы аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1988–1990 жылдары Атырау облыстық Ембі аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы, 1990–1991 жылдары Маңғыстау облысы комсомол к-тінің 1-хатшысы, 1992–1995 жылдары Маңғыстау облысының Жастар мәселесі жөніндегі комитетінің төрағасы, 1995–1997 жылдары Маңғыстау аймақтық баға және монополияға қарсы саясат комитеті төрағасының орынбасары, 1997–2002 жылдары Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2002 жылдан Маңғыстау облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2007) медальдарының иегері.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub