Күйгенқора

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КҮЙГЕНҚОРА– Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының оңт.-шығысындағы қыстау. Сайқын жотасының батысымен ағатын Қараүңгір өз-нің жағалауында орналасқан. К-ны Айбалта, Қаракүнгей таулары қоршап жатыр. Алқабының қызғылт қоңыр және қара топырағында шалғын аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. К. ауданның қысқы қыстауы, жазғы жайлауы саналады.‎