Жарыпшыққан (Қостанай облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жарыпшыққан – Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақкісі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жердегі қыстау. Қараторғай өзенінің аңғарында. Қыстау сай, төбелі-белесті жерде орналасқан. Солтүстігінде Топалаң көлі, маңында Қоғалы, Шақпақ қыстаулары мен Аққұдық, т.б. бұлақтар бар. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>