Ұнаққұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:54, 2022 ж. желтоқсанның 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Ұнаққұм, УаққұмБозащы түбегінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі төбешікті-қырқалы құмды алқап.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Түпқараған және Маңғыстау аудандары жерінде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қошақ шығанағының солтүстігінде 7 км жерде доғаша созылып жатыр.

Жер бедері

Теңіз деңгейінен 22,6 м төменде, ауданы 240 км2, 5-6 м тереңдікте кездесетін грунт суының минералдығы 3-22 г/л. Шығысының көтеріңкі жерлерінде Қияқты, Тұщықұдық ауылдары орналасқан. Құм ішінде бірнеше құдықтар (Ақши, Қожамқұл, т.б.) қыстаулар мен құмды төбелер (Шөлшағылқұм, Қызылқұм, т.б.) кездеседі.

Өсімдігі

Құмда жусан, жүзгін, еркекшөп, сораң шөптер өседі.<ref>"Қазақ энциклопедиясы", 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер