Күшікжал

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:18, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл КүшікжалБалқаш көлінің шығысындағы төбешікті-қырқалы құмды алқап.

Географиялық орны

Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде, Лепсі мен Ақсу өзендерінің төменгі ағысы аралығында орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 420 м. Аумағы 800 км2. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 56 – 60 км, ені 10 – 45 км. Қырқалы төбешіктердің биіктігі 2 – 20 м. Грунт сулары 1 – 30 м тереңдікте.

Өсімдігі

Күшікжал құмы жусан, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктермен бекіген. Өзен жайылмасына таяу қамыс, құрақ, сортаң жерлерде сораң өсімдіктер өседі. Көктемде, қыста жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер