Масао Мори

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мори (1921 жылы туған) — жапондық түркітанушы ғалым. Токио университетін бітірген (1945). Хоккайдо (1952), Токио университеттерінде профессорлық қызмет атқарды (1965). Түркі халықтарының тарихы туралы зерттеу еңбектері үшін докторлық ғылыми дәрежесін алған. Оның “Орта Азия мен Моңғолияға саяхат” естелігі (1965), “Көне түркі халықтары тарихынан зерттеулер” (1967), “Ат жалындағы халықтың тарихы – тарихтағы солтүстік дилер туралы шежіре” (1972), “Ерте заман көшпелілер империясы” (1976), “Орта Азия тарихы” (1986), т.б. еңбектері қазақ халқының тарихын зерттеушілер үшін құнды дүниелер.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub