Крошка мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұздық Крошка – Іле Алатауындағы Ақтау тауының солтүстік-батыс беткейіндегі мұздық.
Географиялық орны
Алматы облысы Талғар ауданында. Мұздықтан Орта Талғар өзені бастау алады.
Аумағы
Аумағы 2,4 км2, жалпы ұзындығы 3,7 км, ашық жерінің ұзындығы 3,6 км, аумағы 2,2 км2, мұздықтардың көлемі 0,1 км3. Үстіңгі беті бедерлі, жарықшақты болып келеді. Фирн межесі 3860 м биіктікте. Мұздықтың үстіңгі ұшы 4200 м шамасында.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>