Лепсі мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұздық Лепсі мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі өзенінің оң саласы Сарымсақтының бастауында. Мұздықты 1904 жылы В.В. Сапожников алғашқы рет зерттеп, осылай атады.
Аумағы
Ұзындығы 5,3 км, ашық жері 4,7 км. Жалпы ауданы 6,2 км2, ашық жатқан тілі 2,5 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3480 м биіктікте.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>