Игорь Александрович Вовнянко
Үлгі:Кинематограф Игорь Александрович Вовнянко (14 шілде 1942, Алматы - 10 қазан 2021) — кеңестік және қазақстандық кинооператор, режиссер, сценарист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Өмірбаяны
Игорь Вовнянко БМКИ-ді тәмамдаған. Еңбек жолын 1958 жылы "Қазақфильм" киностудиясында кинооператордың көмекшісі болып бастаған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969). 1969-1971 жылдар аралығы Куйбышев (қазіргі Самара) телестудиясында жұмыс істеді. 1971 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында оператор болып жұмыс істеді. 1974 жылдан бері - КСРО Кинематографистер одағының мүшесі. 2005 жылдан Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы болды.
2021 жылы 10 қазан күні Игорь Вовнянко 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды.<ref>Қазақстандық кинооператор және режиссер Игорь Вовнянко қайтыс болды</ref>
Еңбектері
Қоюшы-оператор ретінде "Ерекше күн" (1971), "Көкжиек" (1973), "Қайдасыңдар, шабандоздар" (1974), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1977), "Жылан жылы" (1982) секілді кинофильмдер мен бірнеше телевизиялық фильмдерді ("Жеңімпаз", 1979; "Қауын", 1982; 4 сериялы "Шоқан Уәлиханов" 1983 - 1985; "Дермене", 1986, т.б.) түсірді. Сонымен қатар "Құмшағыл тарихы" (1986), "Аустриядағы кездесулер", "Теңіз" (екеуі де 1987) деректі фильмдерінің сценарийін жазды жөне режиссері болды.
Марапаттары
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986)
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998)
- Тәуелсіз жалпыұлттық Тарлан сыйлығының лауреаты (2004)
- Құрмет ордені (2008)<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>