Ачинск
Ачинск - Ресейдегі Краснояр өлкесіндегі қала. 1782 жылы қала статусын алған. Чулым өзенінің (Обь саласы) оң жағында, Кузнецк Алатауындағы Арға жотасының етегін ала орналасқан.
Сібір темір жолы бойындағы станция. Кемежай. Халқы - 107 583 тұрғын (2013 жылғы мәлімет бойынша). Ет комбинаты, аң терісінен бұйым тігу комбинаты, элеваторлар, сүт, жөндеу-механикалық, құрылыс материалдары, алюминий тотығын алу (глинозем) зауттары, тігін, аяқ киім, жаһаз, слюда өндеу фабрикалары жұмыс істейді.
Индустриялы-педагогикалық, механиктік-технологиялық, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда колледждер, педагогикалық, медициналық училищелері, драмтеатр, өлке тану және тарихи мұражайлар бар<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Commonscat-inline