Трой Сиван

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Трой Сиван Меллет (Үлгі:Lang-en) — аустралиялық актер, видеоблоггер және әнші.

Өмірбаяны

Сиван Йоханнесбург (ОАР) еврей отбасында дүниеге келді. Ұлты – еврей. Тройдың отбасы 2 жасында Австралияға көшті. Ол үйде білім алды. Қазіргі таңда Трой отбасымен бірге тұрады.

Актерлік мансабы

2007 жылы Трой «Оливер Твист» пъесасында басты рөлдерде ойнады. 2008 жылдың ақпанында «Белгісіз адамдар: Басы» фильмінде Джеймс Хоулет деген жас жігітті ойнады.

Жылы Шынайы атауы Орысша атауы Рөлі
2009 X-Men Origins: Wolverine Белгісіз адамдар: Басы Джеймс
2010 Betrand The Terrible Ашулы Тертран Айс
2010 Spud Құртшабақ Джон Мильтон
2013 Spud 2: The Madness Continues Құртшабақ 2 Джон Мильтон
2014 Spud 3: Learning to Fly Құртшабақ 3 Джон Мильтон

Музыкалық мансабы

2006 жылы Тройдың музыкалық мансабы басталды. Оның жеке альбомы 2008 жылы шықты. Альбом бес өлеңмен жарыққа шықты. 2010 жылдың ақпанында «We Are The World 25 for Haiti» деген қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Бұл концерттің мақсаты - Гаитида болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету.

Трой әйгілі әншілердің өлеңдеріне кавер түсіреді. Оның танымал өлеңдерінің бірі - «The Fault In Our Stars», бұл өлеңнің әні мен сөзін өзі жазды. Өлеңді Джон Гриннің кітабынан шабыт алып шығарды.

2014 жылдың шілдесінде «Happy Little Pill» өлеңін шығарды. Бұл өлең "TRXYE" деген мини-альбомның біріншісі болды. 2015 жылдың наурыз айында «YouTube Music Awards 2015» марапат жеңіп алды.

2015 жылы 26 шілде күні Трой Сиван өзініӊ екінші "Wild" атты толық альбомын шығарды . 4 қыркүйек күні осы альбомға арналған 3 бейнеклиптер жарық көрді.

Блогерлік қызметі

2012 жылдың қыркүйегінде Сиван YouTube сайтына күн сайын блогтар түсіре бастады. 3 жыл ішінде Тройда 3 000 000-ға жуық жанкүйер жиналды. Аустралияда Трой ең үздік блогерлердің тізіміне кіреді.

Жеке өмірі

2010 жылдың тамызында Трой отбасына өзінің гей екенін айтты.Үш жыл өткен соң, ол ғаламторға тиісті бейнені түсіріп, қоғамға осы ақпаратты жариялады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер