Бақтыбай Кеңесұлы Қисықов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Бақтыбай Кеңесұлы Қисықов.jpg
Бақтыбай Кеңесұлы Қисықов
Бақтыбай Кеңесұлы Қисықов (30 мамыр, 1987 жыл, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Бесқұдық ауылы) - палуан.
Өмірбаяны
- Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының кәсіби-шығармашылық факультетін бітірген (2008), мамандығы - «Дене шынықтыру және спорт».
- 2007 жылдың қаңтар айынан бері - №10 спорт мектебінің қазақша күрес жаттықтырушысы.
Жетістіктері
- Азияның белдесу бойынша чемпионы (Алматы, 2006).
- Қазақ күресі бойынша Азия чемпионы (Сәтбаев қаласы, 2007)
- қазақша күрес бойынша әлем чемпионы (Орск қаласы, 2008)
- Қазақша күрес бойынша әлем кубогының иегері (Орынбор, 2009).
- қазақ күресі бойынша Қазақстанның 4 мәрте чемпионы.
- Қазақша күрестен халықаралық кластағы спорт шебері.
Отбасы
- Әкесі - Қисықов Кеңес Әбілұлы, «Еңбек» шаруа қожалығының тракторшы-машинисі. Анасы - Сағымбаева Әлфия
Әділмағамбетқызы, санитар.
- Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 30 мамырда туғандар
- 1987 жылы туғандар
- Әйтеке би ауданында туғандар
- Ақтөбе мемлекеттік университеті түлектері
- Белдесуден Азия чемпиондары
- Қазақ күресінен Азия чемпиондары
- Қазақстан балуандары
- Қазақ күресінен Әлем чемпиондары
- Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары
- Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері