Роман Валерьевич Муртазаев
Үлгі:Футболшы Роман Валерьевич Муртазаев (10 қыркүйек 1993 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/254756</ref>, Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Елімай» командасының шабуылшысы.
Өмірбаяны
Қарағанды футбол клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастады. 2013 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің екінші сатысында Албанияның "Скендербеу" клубының қақпасына гол соқты. Бұл ойында кеншілер 3:0 есебімен жеңіске жетті.
2016 жылғы маусымды "Ертіс" сапында өткізді.
2017 жылы "Астанаға" ауысты. "Астана" сапында үш рет Қазақстан чемпионы атанды.
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылы 7 маусымда Қытайға қарсы өткізді. 2018 жылы 23 наурызда Мажарстан құрамасының қақпасына ұлттық құрама сапындағы алғашқы добын енгізді.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы 2017, 2018, 2019
- Қазақстан кубогы 2013
- Қазақстан Суперкубогы 2018, 2019
- Қазақстанның қола жүлдегері 2016
Жеке өмірі
Жұбайының есімі Юлия Муртазаева, 2015 жылы ұлдары Михаэль өмірге келді.