Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абай (сюита)"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
«Абай» - Абай әндерінің әуені бойынша 1941 ж. А. Жұбанов жазған сюита, ақынның шығармашылық, күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын 5 бөлімді лирикалық-драмалық шығарма. Томп. сюита бөлімдеріне Абайдың «Қор болды, жаным» (1), «Бойы бұлғаң» (2), «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (3), «Біреуден біреу артылса» (5) әндерін, сондай-ақ 4-бөлімге халық биінің әуенін алған. Сюита композициясындағы лирикалық саз бірде драмалық, кейде трагедиялық әуенге ұласып отырады. Композитор осы арқылы Абайдың ақындық, азаматтық ғұмырын жан-жақты аша білген. Сюита басындағы лирик, шуақты күй шығарма соңында трагедиялық шарықтаудан кейін қайта естіліп, Абай өмірінің, оның ой-арманының жарқын болашағынан хабар бергендей әсер тудырады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>