Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сағидолла Құбашұлы Құбашев"
(→Өмірбаяны) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сағидолла Құбашұлы Құбашев (10 ақпан, 1927, №1 ауыл, Орал губерниясы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 19 сәуір 2016, Алматы) — мемлекеттік қайраткер. Қазақстан КП ОК екінші хатшысы (1987-1988). Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1966).
Мазмұны
Өмірбаяны
Сағидолла Құбашев 1927 жылы 10 ақпанда Гурьев облысының қазіргі Индер (бұрынғы Есбол) ауданындағы №1 ауылда дүниеге келіп, Елтай орта мектебінде білім алған.
1945 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына түсіп, оны 1949 жылы бітірген.
1953 жылға дейін Гурьев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
1953-1960 жылдары Индер ауданындағы «Передовик» ұжымшарының басқарма төрағасы болды.
1960-1963 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1963-1964 жылдары Қазақстан КП-сы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
1965-1966 жылдары Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1966-1975 жылдары Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1975-1979 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
1979-1982 жылдары Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы.
1982-1987 жылдары Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы.
1987-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы.
1988 жылдан одақтық дəрежедегі дербес зейнеткер.
Қоғамдық қызметі
КСРО Жоғарғы Кеңесінің ХІ шақырылуының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-10 шақырылымдарының депутаты, жергілікті кеңестердің 18 рет сайланған депутаты, СОКП-ның VI съезінің, ХІХ партия конференциясының, Қазақстан Компартиясының IX съезінің делегаты, Қазақстан Компартиясының мүшелігіне 8 рет, жергілікті партия комитеттері мүшелігіне 1954 жылдан 1989 жылға дейін 35 жыл бойы сайланған.<ref>https://anatili.kazgazeta.kz/news/37195</ref>
2004 жылдан "Мұнайшы" қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі.
Отбасы
Жұбайы Шолпан Халелқызы, жоғары бiлiмдi маман. 35 жыл бiр салада еңбек еттi. Қазақ КСР-нiң еңбек сiңiрген зоотехнигi, дербес зейнеткер.
Отбасында алты бала дүниеге келген. Бүгiнде 12 немере, 6 шөбере өсiп келедi.
Марапаттары
Ерен еңбегі мен мол тәжірибесінің арқасында зор абыройға бөленген ол "Ленин" (1958), "Октябрь Революциясы", төрт мәрте «Еңбек Қызыл Ту», "Халықтар Достығы" ордендерімен жəне көптеген медалдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте Құрмет грамотасымен, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің бес алтын медалімен марапатталған.<ref>Мемлекет қайраткері Сағидолла Құбашев қайтыс болды</ref>
Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының Құрметті азаматы атақтары бар.
Индербор кентінде оның атында көше бар.
Жарияланымдар
Сағидолла Құбашев. «Ленин орденді «Передовик» колхозы», 1967
Сағидолла Құбашев. «Адам күні адаммен», «Өлке» баспасы. 2003<ref>http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-74643 Үлгі:Webarchive</ref>
Сілтеме
- Сағидолла Құбашұлы. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.Үлгі:Ref-ru
Дереккөздер
- Одақ Кеңесінің 11-шақырылым депутаттары
- Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары
- Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағалары
- Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- Қазақстан Компартиясы ОК екінші хатшылары
- Алматы зооветеринарлық институтының түлектері
- Қазақстан компартиясы ОК Бюро мүшелері
- Ұжымшарлар төрағалары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары
- КОКП XXII съезінің делегаттары
- КОКП XXIII съезінің делегаттары
- КОКП XXIV съезінің делегаттары
- КОКП XXV съезінің делегаттары
- КОКП XXVI съезінің делегаттары
- КОКП XXVII съезінің делегаттары
- КОКП XIX конференциясы делегаттары