Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жайық жастары"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиттер → Дереккөздер, 2002 ISBN → 2002 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:38, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
«Жайық жастары» - облыс жастарының қоғамдық бірлестігі. 1998 ж. 3-шілдеде Орал қаласында құрылды. Негізгі мақсаты — мемлекеттің жастар саясаты мен Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыруға облыс Жайықтың жас буын өкілдерінің белсене қатысып, қомақты үлес қосуларына жағдай жасау. Бірлестік мүшелері республика және облыс өміріндегі әлеуметтік-мәдени шараларға тұрақты үн қосып, ынтымақтастық байланыстар шеңберін кеңейтіп келеді. 2000 ж. Орал қаласында жоғарғы класс оқушыларының конференциясы өтіп, оған қатысушылар «Жайық жастары»-ның жеткіншектер тобын құруға тілек білдірді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>