Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожин"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910 – 1979) – ғалым, педагог, қазақ журналистикасын қалыптастырушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976).
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1942). Журналистік қызметін 1929 ж. Павлодар округтік “Кеңес туы”, аудандық “Колхоз” газеттеріне хат-хабар жазудан бастап, 30-жылдары саяси-шаруашылық науқандарға, Қазақстан ауыл тілшілерінің қозғалысына белсене қатысты.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
- 1935—1939 ж. - Семей облысы “Екпінді” газетінде қызмет істеді.
- 1942—1945 ж. - Қостанай облысы “Большевиктік жол” газетінің редакторы,
- 1945—1979 ж. - ҚазМУ-дің журналистика факултетінің аға оқытушысы, деканы, кафедра меңгерушісі болды.
Бекхожин журналист кадрларды даярлау және Қазақстан баспасөзі тарихын зерттеу ісіне елеулі үлес қосты. Ол 60-тан астам ғылыми мақала мен "Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860 — 1930 жылдар)”] атты монографиялық кітаптың авторы. Бекхожиннің бұл монографиясы қазақ баспасөзінің 70 жылдық тұтас тарихына арналған тұңғыш көлемді де, құнды еңбек болды. Мұнда ғалым қазақ баспасөзінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын нақты дәлел-дәйектермен ғылыми негізде баяндаумен бірге, қазақтың қазан революциясына дейін жарық көріп тұрған газет-журналдарының (“Түркістан уәләятының газеті”, “Дала уәләятының газеті”, “Қазақстан” газеті, “Айқап” журналы, т.б.) қызметі мен ұстанған бағытына кеңес кезеңінің өзінде объективті баға бере білген. Осыған байланысты Бекхожинге Кеңес өкіметі тарапынан “байшыл-ұлтшыл керітартпа бағыттағы басылымдарды дәріптеді” деген айып тағылып, қысым көрсетілді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>