Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көлқұдық (көне қала)"
ш (+Санат:Қазақстан көне қалалары; +Санат:Оңтүстік Қазақстан облысы қоныстары; +Санат:Қазақстандағы археология (HotCat құралыны...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Көлқұдық - ортағасырлық қалашық орны.
Көлқұдық ауылының солтүстігінде, Шәуілдір - Балтакөл тас жолының оң жағында 500 м жерде. 2004 ж. Отырар мемлекеттік археология қорық-музейі мен Шымкент қаласының археология және этнология орталығы бірлесіп жасақтаған археология экспедициясы (Н.Алдабергенов, С.Ахмет, З.Исабек) зерттеген. Төрткүл түріндегі қалашық болғандығы анықталды. Қазіргі орны төртбұрышты келген төбе. Солтүстік жағының ұзындығы 65 м, оңтүстіктің ұзындығы 60 м, батысы мен шығысының ұзындығы 60 м. Биіктігі 4 м. 8 мұнара орны байқалады. Қорған қабырғасын айналдыра тереңдігі 2,30 м ор қазылған. 40—50 м қашықтықтан суландыру жүйесінің орны анықталған. Жинастырған археология заттарға (қыш ыдыстар сынықтары, т.б.) қарағанда, к-ты халық 9—11 ғасырлар шенінде мекендеген. Олар егін егумен, мал өсірумен айналысқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>