Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үлкен Семізкөл"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Өңірлер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Үлкен Семізкөл — Алматы облысының Балқаш ауданындағы ағынды көл. Іле өзенінің атырауында, Семізкөл елді мекенінен оңтүстік-батыста 3 км. Теңіз деңгейінен биіктігі 345 м, ауданы 10,91 км2, ұзындығы 5,6 км, ені 3,5 км, жағалық сызығы 19,9 км. Көл Іленің Ақсары және Балатопар суына толған қырқааралық ойпауыттағы батпақтар арасында орналасқан. Қазаншұңқыры шеңбер тәрізді, табаны бұдыр, кей жерлері лайлы. Жағалауы мен айналасындағы батпақтарда құрақ өседі. Көл негізінен Іле тармағындағы өзендер суымен толығады. Балыққа бай.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>