Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әйткеш Абайұлы Ыбраев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Кеңес Одағының батырлары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Әйткеш Абайұлы Ыбраев (1924, Семей қаласы - 27.10.1944, Беларусь) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірек командирі. Қазақ. Жеті жылдық мектепті бітірген соң «Қызылқұйған» ауыл шаруашылығы артелінде жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы шақырылып, 380-атқыштар дивизиясы 1264-полкі құрамында болды. Ол Калинин, Брянск, 2-Беларусь майдандарында ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың тамыз айында Беларусь жерін азат етуде Ыбраев асқан ерлік корсетті. Зеңбірегімен дәлдеп атып, жаудың 200-ге жуық әскері мен офицерін жойды, қару-жарақ тиелген 19 автокөлігі мен 55 зат-арбасын өртеп жіберді, танкіге қарсы ататын 6 зеңбірегі мен 12 пулемет ұясын жойып жіберді. Неміс- фашист басқыншыларына қарсы күресте корсеткен қаһармандық ерлігі үшін Ыбраевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3. 1945). Сондай-ақ ол Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub

Үлгі:WikifyҮлгі:Суретсіз мақала