Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бәйеке Жазыбайұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (келесі санат қосылды: «Санат:Қазақ билері» (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан Іле өңіріне көшіріп әкеліп қоныстандыруға басшылық етті. 1879 жылдары Қытай мен Ресей қазақтары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында өткен бірқатар жиындарға Қытайдағы қазақтардың өкілі ретінде қатысты. Бәйеке би Цинь патшалығының ауыр езгісіне, ұлттар арасындағы теңсіздікке қарсылық білдіргені үшін Іле генерал - губернаторының бұйрығымен жазаланып, бір жылдан кейін қаза болды.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала