Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшкөлтай Субханбердина"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:«Алаш» қозғалысы → Санат:Алаш қозғалысы) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Үшкөлтай Субханбердина - ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Ол 1927 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. 1952- 1965 жылдары Орта ғылыми кітапхананың библиографиясы қазақ кітаптары мен сирек кездесетін кітаптар және қолжазба бөлімінің меңгерушісі, 1966- 1973 жылдары Әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1973-1982 жылдары фонофото бөлімінің меңгерушісі, 1982-1999 жылдары қолжазба және текстология орталығының аға ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар», 1-2 бөлім; «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар», «Алаш. Қазақ. Сарыарқа» т.б. жинақтарда Алаш қайраткерлерінің шығармаларын таратуға және насихаттауға үлкен үлес қосты.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>