Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ахметжан Шыбағаров"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Алаш қозғалысының қайраткері Қозыбағаров Ахметжан 1879 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Семейдегі ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітіргеннен кейін 1901-1906 жылдары Омбыдағы фельдшерлік мектепте оқыған. 1906-1918 жылдар аралығында Семейдегі губерниялық ауруханада фельдшер қызметін атқарды. 1917-1919 жылдары Алаш партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысып, 1918 жылы Алаш Орданың Семей облыстық кеңесіне мүше болды.
1921-1922 жылдар аралығында Шыңғыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана салдырды. 1935-1937 жылдары Алматы кірпіш зауытының емханасында меңгеруші болды.
1937 жылдың 25 тамызында Алматыда тұтқындалып, Семей абақтысына жабылып, ату жазасына кесілді.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>