Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шұбартеңіз шайқасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Көпейұлы, Мәшһүр Жүсіп → Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Шұбартеңіз шайқасы, Шұбаркөл шайқасы, қазақ жасақтары мен жоңғарлар басқыншылары арасында болған. Шежіре деректері бойынша бұл шайқас шамамен 1728 ж. (кей деректерде 1725 ж.) Орталық Қазақстандағы Ұлытаудың оңтүстік-батыс жағындағы Шұбартеңіздің (Шұбаркөлдің) айналасында өткен. Бұл шайқас “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” оқиғасынан кейінгі қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы ірі шайқас болды. Шежіре деректерінде шайқаста қазақтардың біріккен қолын Шақшақ Жәнібек батырдың басқарғаны айтылады. Мұны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкерім Құдайбердіұлы да растайды. Шайқас қазақ жасақтарының жеңісімен аяқталып, жауға күйрете соққы берілді. Бұған дейін қазақ батырлары әрқайсысы өз жасағымен жеке-жеке жаумен шайқасып, еш нәтиже шығара алмаған еді. Осы жолы олар алғаш рет өз күштерін біріктіріп, тізе қоса іс-қимыл жасады. Шұбартеңіз шайқасы болашақта қазақ батырлары күш біріктірсе ортақ жауды талқандап, туған жерді азат етуге болатынын дәлелдеп берді. "Қалмаққырылған" деген алғашқы жер атауларының бірі Қазақстан картасында осылайша пайда болды.

Пайдаланатын әдебиет

  • Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993,
  • Қазақстан тарихы, 3-том, Алматы, 2002.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify