Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов"
ш («Мәжілісмендер» деген санатты аластады; «[[Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары|Қазақстан Парламен...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов (13.3.1940 жылы туған, Сайрам ауданы Қарасу ауылы) – ғалым, экономика ғылымының докторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Днепродзержинск қаласындағы (Украина) №8 кәсіптік-техникалық училищені (1959), Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып бастап, басшылық қызметтер атқарды. 1988 – 2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті болды. 2001 жылдан Еуроазиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі. Мәжілісте экономикалық реформа және аймақтық даму комитетініңмүшесі.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references /> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify