Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәметкен Идрисова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша тұлғалар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Дәметкен Идрисова - артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1960 жылдың 21-ші қыркүйегінде дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Алған білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. Дәметкен Идрисова театрдың балет тобының негізін қалаушысы. Ол 22 жыл балет артисті қызметін атқарды. Қазіргі кезде ол Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы-драма театрында артист ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.
Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:
- Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Камилла
- С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мехри
- Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Өсекші әйел
- «Кішкентай Мукар» ертегісінде – Агвация
- «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісінде – Шешесі
- О. Бодықов “Ит өлім” – Ракшана
- Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Жуан-жуан
- А. Сапышев “Күн астындағы Күнікей қыз” – Уәзір, т.б
- Жаңа жылдық, Наурыз интермедиясының авторы