Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құқықтық мінез-құлық"
ш (clean up, replaced: Алматы: Жеті жарғы → Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008. ISBN → 2008 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Құқықтық мінез - құлық – адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң