Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Азаматтық хал-ахуал"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құқық нормалары → Санат:Азаматтық құқық) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Азаматтық хал-ахуал — арнаулы мемлекеттік органдарда міндетті түрде тіркелетін азаматтардың өміріндегі негізгі уақиғалар. “Азаматтық хал-ахуал” деп осы оқиғалар туралы жазбаны да атайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес мынадай Азаматтық хал-ахуалдар: 1) туу; 2) некеге тұру; 3) некені бұзу; 4) бала асырап алу; 5) әкелікті анықтау; 6) аты-жөнін, ныспысын өзгерту; 7) азаматтың қайтыс болу уақиғалары мемл. тіркеуге жатады. Азаматтық хал-ахуал құжаттары мен куәліктер осы жазбалардың негізінде беріледі.Азаматтық хал-ахуал жазбаларына қатысты тиісті мемл. органдар мен азаматтардың арасында дау туындаған ретте, оны сот арқылы шешеді. Азаматтық хал-ахуал актілерін ресімдеудің, сақтаудың, қалпына келтірудің және жоюдың т.б. тәртібі мен мерзімі арнаулы заңмен белгіленген.
Сілтемелер
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала