Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Петропавл уезі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер</span>: clean up, replaced: “Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбае using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Петропавл уезіАқмола облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бөлік. 1868 жылы құрылған. Жер аумағы 60 953 км², тұрғындарының саны 1901 жылы 66570, 1909 жылы 78169 адам болды. Уезд 12 болысқа бөлінді. Уезде жылқы, ірі қара,қой өсірілді. 1897 — 1901 жылдары Петропавл уезінде қазақтар 4287 мың десятина жерде егіншілікпен шұғылданды. Ресейге тері, мата, май жөнелтіліп, ал ол жақтан металл бұйымдары, мануфактура өнімдері, т.б. әкелінді. Уезде сауда айналымы 7 млн. сом құрайтын ірі сауда жәрмеңкесі — Тайыншакөл жұмыс істеді. Онда 1875 жылы 78000 қой сатылған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмола облысының әкімшілік құрылымы өзгеріп, Петропавл уезі Ақмола губерниясы құрамына енді.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub