Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шымкент уезі"
ш (келесі санат қосылды: «Санат:Уезд» (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:29, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Шымкент уезі – 1867 жылы 11 шілдеде жарияланған “Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге” сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына қарайтын Сырдария облысының құрамында ұйымдастырылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Шымкент уезі оңтүстігінде Ташкент уезімен шектесіп, солтүстік жағынан Шу өзеңін кесіп өткен. 19 ғ-дың басында уезд құрамындағы 28 болыста 540 ауыл болды. 1908 ж. уезді 250794 қазақ, 11 мың орыс, 41350 өзбек мекендеді. 19 ғ-дың аяғында Шымкент уезінің тұрғындары мал шаруашылығымен қатар Арыс, Сырдария, Келес, Шаян, Бөген, Арыстанды өзендерінің бойына дәнді дақыл, бау-бақша егіп, отырықшы өмір сүрген. 1916 ж. уездің Георгиевка саудасында цемент заты, тағы басқа өндіріс орындары жұмыс істей бастады. 1928 ж. жаңа әкімш.-аумақтық аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Шымкент уезі жойылды.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т.