Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
00:27, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев (6 маусым 1949 жылы туған, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақсай ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Орталық Азия Халықаралық академиясының академигі (1999).
Өмірбаяны
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1979, қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген.
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент (1981–87)
- КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық туберкулез ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1987–90)
- Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, проректоры (1990–97)
- Қазақстан Республикасы Өкпе ауруы проблемалары ұлттық орталығының директоры (1997–99) қызметтерін атқарды.
- 2000 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері
- Жангереев 68 жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Марапаттары
- Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1985).