Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Халықаралық аукцион"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Экономика» деген санатты аластады; «Халықаралық сауда» деген санатты қосты (HotCat қ...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:24, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Халықаралық аукционтауарлар мен қаржы активтерін (бағалы қағаздарды, шет ел валютасын, алтынды) жекелеген топтамамен көпшілік алдындағы сауда-саттықта күні бұрын белгіленген уақытта және тағайындалған жерде түрлі елдер дилерлерінің қатысуымен сату тәсілі.

Шет ел валютасын сату жөніндегі Халықаралық аукцион — валюталық биржаларға тән. Ал валюталық нарық дамымаған елдердегі Халықаралық аукцион мемлекеттік банктер ие. Алтын сататын Халықаралық аукцион негізінен өткен ғасырдың 70-жылдарының 2-жартысында, Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің арасында алтынды ақша айналысынан алып тастау жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін тәжірибеге енді. Мысалы., 1979 ж. Батыста сатылған алтынның жалпы көлемінің 1/3-і осы тәсілмен сатылды. Осы кезеңде ХВҚ алтынның Халықаралық аукционын өткізді (1976 ж. маусымнан 1980 ж. мамырға дейін 777,6 т алтын сатты), сондай-ақ АҚШ, Үндістан, Португалия үкіметтері де Халықаралық аукционда алтын өткізді. Соңғы жылдары алтын сататын Халықаралық аукцион іс жүзінде қолданудан қалып, әлемдік алтын нарығындағы тұрақты саудаға орын берді.

Орман концессиясын, импорттық-экспорттық операцияларға үлестемелерді сатып алу құқығына сауда-саттық Х. а. нысанында өткізіледі.<ref>”Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том</ref><ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Economy-stub