Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Музыка әлемінде"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (→‎Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

“Музыка әлемінде” (“В мире музыки”)<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – республикалық журнал. 2004 жылдан бастап 2 айда бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрады. Журнал “Мәдени жаңалықтар”, “Музыкалық таным”, “Жоғары оқу орнындағы музыка”, “Колледждегі музыка”, “Мектептегі музыка” деген айдарлардан құралып, қазақ музыкасының өзекті мәселелерін қамтиды. Онда Дәруіш Әлидің “Музыкалық трактаты”, “Қазақ халқының музыкалық фольклоры”, “Музыка теориясының негіздері” атты оқулықтар, зерттеу мақалалары жарияланып келеді. “Халық композиторлары”, “Халық аспаптары” бөлімдерінде Құрманғазы, Қазанғап шығармашылықтары, қобыз, домбыра аспаптарына байланысты материалдар беріледі. Журналдың құрылтайшысы – “Білім ЛТД” компаниясы, Бас редакторы – Т.Қоңыратбай.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub