Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фортран"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:20, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
ФОРТРАН (ағылш. Fortran; Formula және Translatіon сөздерінің алдыңғы буындарынан құрылған) — инженерлік және ғылыми есептерді шығаруға арналған жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілі. Оны 1956 ж. АҚШ-тың ҚВМ фирмасы жасап шығарған. Кең таралған нұсқалары: Фортран-ҚV, Фортран-77, Фортран-90. Компьютерлердің барлық типтерінде жұмыс істей алатын әмбебап бағдарламалау тілі. Оның өз алфавиті — символдар жиыны бар, солар арқылы қарапайым сөйлемдер құрып, кез келген есептеу жұмыстарын орындай алады. Соңғы нұсқалары параллель архитектуралары компьютерлерде де қолданылып келеді.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том