Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жад — эем-нің кодтық түрдегі ақпаратты жазуға"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:20, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Жад — ЭЕМ-нің кодтық түрдегі ақпаратты жазуға, сақтауға және қолданушыға беруге арналған бөлігі. Ол бір не бірнеше есте сақтау құрылғысынан (ЕСҚ) құралады. ЭЕМ жадысында сақталатын ақпарат мөлшері оның құрамына кіретін барлық есте сақтау құрылғысылардың жиынтық сыйымдылығымен анықталады. ЭЕМ жадысының жылдам әрекет етуі оның құрамындағы жекелеген есте сақтау құрылғысының жылдам жұмыс істеуімен әрі олардың арасындағы өзара ақпарат алмасу тәсіліне байланысты. ЭЕМ жадысының сыйымдылығын дұрыс пайдалану және ЭЕМ-нің есептеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, әдетте, ЭЕМ жадын ЭЕМ-нің шұғыл (немесе негізгі) жады, сыртқы (немесе қосалқы) жады және буферлік жады деп бөледі. Осыған сәйкес қандай да бір ЭЕМ жадын құрайтын есте сақтау құрылғысылар шұғыл, сыртқы және буферлік есте сақтау құрылғысы деп аталады.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала