Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мүсілім Құмарбеков"
(Cat-a-lot: Аласталуда... Санат:Алфавит бойынша жазушылар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Мүсілім Құмарбеков, жазушы (1939). Мүсілім Құмарбекұлы 1939 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Шымқора селосында дүниеге келген. 1964 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Сол жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») ғазетінде қызмет істеді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Ақ Ертіс» әдеби-мәдени, қоғамдық журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі.«Алтайдың ардагері», «Қыз күлкісі», «Асау Ертіс», «Шынар», «Алтайым — алтын бесігім», «Жастық жағалауы» атты кітаптары бар. 2003 жыл «Фолиант» баспасынан «Жар жағасындағы үй» деген повестер жинағы, «Базальт» баспаханасынан «Тауқымет» атты романы жарық көрді.
Дереккөздер
<references/>
1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА