Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұрау"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Бұрау - түйеге артылған жүкті ауғызбас үшін жүктің арқанын бұрап, оның теңді мықтап ұстап тұруын қамтамасыз ететін қысқа оқтау немесе балғаның сабындай ғана болып келетін құрал. Ол жыңғыл, сексеуіл немесе тобылғы сияқты мықты ағаштан жасалады. Мұны тоғанақ деп те атайды. Сондай-ақ желбауды тартып тұратын кішкене жұмыр ағашты да бұрау деп атайды. Киіз үйдің шаңырағына байланған желбаудың ұшын түйістіріп байлап, ауыр зат, қол бұрғыға салма салғанда оны ширату үшін бұрауды пайдаланады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub