Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ат тұлдау"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Ат тұлдау — қазақ халқының дәстүрлі аза тұту рәсімі. Қаза болған адамның атына ерін теріс ерттеп, үстіне киім-кешегін жайып, қару-жарағын іліп, ең үстіне бас киімін қояды. Жоқтау айтып жүріп, аттың құйрық-жалын күзейді. Оны тұл ат, кейде қаралы ат деп атайды. Тұл ат жыл бойы мінілмей, бос жүреді. Бір жылдан соң марқұмның асына сойылады. Атты соярда да жоқтау айтылады. Мұндай салт қырғыздар, көшпелі өзбектер, осетиндерде де кездеседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub