Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ат байлар (кәде)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Polat Alemdar Ат байлар ( бетін Ат байлар (кәде) бетіне жылжытты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Ат байлар — күйеу жігіт қалыңдығының аулына тұңғыш рет барғанда орындалатын кәде. Күйеу қалыңдық аулына алғаш келгенде ауылға баса-көктеп кірмей, алыстан аттан түсіп, ізет білдіреді. Күйеу атын қарсы алушылардың біреуі жетелеп апарып байлайды. Осы үшін күйеу кәде береді. Бұл кәде көшпенділердің қадым замандағы бір-бірімен келіссөзге, бітімге келгенде қару-жарақтарын шешіп, аттарынан түсіп жаяулап барып жүгініске отыру дәстүрінен қалған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>