Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақстан республикасы ұлттық ғылым академиясының хабаршысы"
ш (clean up, replaced: 1998 ISBN → 1998 жыл. ISBN using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
“Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан” – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының баспасөз органы. 1944 жылы құрылып, “Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым академиясының хабаршысы” деген атпен шығып тұрды. 1991 жылдан “Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы” деп өзгерді. 2003 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде “Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы” болып тіркелді. Негізгі міндеті: ғылымның дамуының жалпы мәселелерін баяндау, ғылымды ұйымдастыру және жоспарлау, республиканың ғылыми-зерханалық мекемелерінің қызметін үйлестіру мәселелері бойынша материалдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Жалпы жиналысы сессияларының қорытынды материалдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Төралқасы мен бөлімшелерінің шешімдері мен қаулыларын, ғылыми мақалаларды, жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін, ғылыми конференциялар, кеңестер, мерейтойлық және атаулы күндер материалдарын жариялау. екінші айда бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>
Дереккөздер
<references/>