Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты"
ш (clean up, replaced: С. Сейфуллин → Сәкен Сейфуллин using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты — педагогикалық жоғары оқу орны. Іргесі 1934 ж. қаланған. Алғаш Семей мұғалімдер институты болып ашылды. 1935 ж. оған С.Сейфуллиннің есімі берілді. 1937 ж. педагогикалық институт болып өзгерді. 1939 ж. Н.Крупская есімімен аталды. Институт 2-дүниежүзілік соғысқа дейін 500-ден астам мамандар даярлады, соғыстан кейін жаңа факультеттер ашылып, педагог мамандар даярлауда өрісі кеңейді. 1993 ж. институтқа Шәкерім есімі берілді. 1996 ж. Семейдегі басқа да жоғары оқу орындарымен Семей мемлекеттік университетіне біріктіріліп, 2004 ж. қайтадан дербес жоғары оқу орны мәртебесін алды. Бүгінде институт қазақ және орыс тілдерінде барлық білім салаларынан педагогтар даярлайды. Институт базасында Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының экологиялық орталығы, М.Қозыбаев атындағы Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы, Шәкерімтану ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Бұл оқу орны 70 жыл ішінде 40 мыңнан астам педагог даярлады.