Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рысбек батыр ескерткіші"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Рысбек батыр ескерткіші – Алматы – Ташкент автомагистралі бойындағы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының солтүстік жағына батырдың туғанына 250 жыл толуына орай 1991 жылы тұрғызылған.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Тарихы

Сәулетшісі – З.Тастеков. Рысбек батыр Шінетұлы шамамен 1741 жылы Билікөл төңірегінде дүниеге келіп, 1824 жылы қайтыс болған. Сүйегі өзінің атасы Қарабатыр, әкесі Шінет қойылған Оңтүстік Қазақстан облысының Манкент ауылында. Рысбек батырдың даңқы 1729 жылы Аңырақай шайқасында ерлік жасаған Қойкелді қолбасшы, Өтеген, Сеңкібай, Тойбек, Саңырық батырлармен бірге шыққан. Ол 1757 жылы Сайрам мен Шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан азат ету соғысына да қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түскен.

Сипаттамасы

Ескерткіш екі баспалдағы бар тұғырға орнатылған батырдың мүсінін көзге елестетеді. Бетоннан құйылған мүсіннің биіктігі 2,6 м. Қаратаудың көк мраморымен қапталған. Тұғырының биіктігі 2 м. Бұл кісінің соғыс тактикасы,жоңғар қалмақ әскерін мыңдап-мыңдап өткізіп соңғы мыңдығын жоиып қалғанынын шетінен талқандаған ,Жеті төбе тұрғызып ол белгі ретінде ел есінде қалған , жау келгеген де от жағылып әр төбеге бепгі беріліп сақтанған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub