Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ұлықбек обсерваториясы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(«Observatie_Ulugbek_the_layout_of_the_building.JPG» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы Krd [[commons:File:Observatie_) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы
Ұлықбек обсерваториясы — 15 ғасырдың 30-жылдары Самарқандта Ұлықбек салдырған.
Өзіне дейінгі Батыс және Шығыс елдері обсерваторияларының дәстүрлері негізінде салынған. Оның биіктігі төбесіне дейін есептегенде 30 - 35 м, диаметрі 46 метрден асатын, дөңгелек пішінді үш қабат үй болғандығы археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі аспап-құралдар - радиусы 40,2 м мәрмәрдан жасалған секстант, Күн және астрономиялық сағаттар, әр түрлі бұрыш өлшегіш дәлдігі жоғары құралдар болған. Аспаптың градустарға бөлінген төменгі бөлігі ғана сақталған. Аспап ені 2 м, тереңдігі 11 м шамасындағы орға орнатылып, негізгі бөлігі жер бетіне шығып тұрған. Бұлардың көмегімен бұрын мүмкін болмаған көптеген астрономиялық бақылаулар (экватордың эклиптикаға көлбеулігінің, прецессияның, жыл ұзақтығының дәл мәндерін табу, т.б.) жүргізілген.
- Observatie Ulugbek Museum.JPG
Мұражай
- Observatie Ulugbek in Museum.JPG
Мұражай