Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дүнген тілі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: ССР → КСР (3) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Дүнген тілі - қытай-тибет тілдері семьясына жататын тіл. Дүнген халқының тілі. Дүнгендер ҚХР-де 6 млн-нан астам, ал КСРО-да, - 52 мың (1979, негізінен ҚазКСР-і мен Қырғ. КСР-інде тұрады. Қазақстанда 22 мың. дүнген (1988) бар. Дүнген тілі ганьсуй, шаньси диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі ганьсуй диалектісі негізінде жасалған. КСРО-да бұл тілдің жазуы 1928 жылдан латын графикасына, 1953 жылдан орыс графикасына негізделген алфавитке көшті.

Дереккөздер

↑Қазақ КСР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7