Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Самтавро обасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:08, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Самтавро обасы

Самтавро обасы, Самтавро - ежелгі Мцхета қаласының солтүстігінде әртүрлі кезеңдерде пайда болған археологиялық ескерткіштер. Зерттеу жұмыстары 19 ғ-дың 70-80 жылдары және 1938 ж. жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде кісі жерлеудің 3000-дай түрі және орта қола дәуірінен (б.з.б 2 мың жылдықтың ортасы) ертедегі феодалдық дәуірге (б.з. 4-8 ғ.) дейінгі обалардың стратиграфиясы анықталды. Қазба кезінде тастан, қыштан жасалған табыттар, қару-жарақ, еңбек құралдары, қыш ыдыстар т.б. заттар табылған. Бұдан Самтваро обасы мәдениетімен Кавказ, Алдыңғы Азия мәдениетінің байланысын көруге болады. Самтавро обасы - Мцхета және Шығыс Грузия тайпаларының 2,5 мың жылдық тарихын бейнелейтін археологиялық ескерткіштер.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 11 бет</ref>