Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Садықұлы Мүбәрәк"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Садықұлы Мүбәрәк (19232005) — Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан офицер-танкист.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Соғыстан кейін Павлодар облысының Ертіс аудандық партия комитетінде нұсқаушы редактор болып істеген. 1950—1960 жылы Павлодар облыстық комитетінде нұсқаушы, лекторлар тобының жетекшісі, бөлім меңгерушісі болды.

1962 жылы Қазақстан Орталық партия комитетіне қызметке ауысып, мерзімді баспасөзге және полиграфия мен кітап баспаларына басшылыққа байланысты жұмыстар атқарды. 1968-1979 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік және әскери құпияларды сақтау жөніндегі Бас басқарманы (Цензура), одан кейін Автор құқығы жөніндегі республикалық агенттікті, 1979—1984 жылы республикалық кітап саудасы ("Қазкниготорг") бірлестігін басқарды.

"Қиын өткелдер" өлеңдер жинағы, "Намыс оты" және "Замана сарыны" атты бірнеше кітаптың авторы және аудармашы. Екі жүзден астам макалалары мен зерттеу материалдары жарық көрді. Бірнеше медальмен, ҚР Жоғарғы Кеңесі президиумының грамотасымен екі мәрте, ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен үш рет марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала