Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлмаржан Әменқызы Сәбитова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Баспагер → Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сәбитова Гүлмаржан Әменқызы — 1957 жылы 25 ақпанда Семей облысы, Жарма ауданы, Мариновка селосында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
- 1973 жылы Георгиевка ауылындағы Абай атындағы орта мектепті аяқтаған соң Мәскеу Полиграфия институтына оқуға түсті.
- 1978 жылы институт тәмамдағаннан кейін Семей облыстық баспаханасына жұмысқа қабылданды.
- 1978-1980 жылдар арасында осында цех шебері, бастығы болып қызмет етті.
- 1980-2002 жылдары «Өнер» баспасында, «БИКО» баспа үйінде, «Дәуір» баспаханасында техникалық редактор, технолог, өнеркәсіп маманы, өндірістік бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазіргі кезде «Таймас» баспа үйінде жұмыс істейді.
1 және 2 дәрежелі «Үздік техникалық редакциялау үшін" дипломдарымен, «Жылдың үздік техникалық редакторы» атағымен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>