Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әпенді"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Ғ. Мұстафин → Ғабиден Мұстафин using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Қожанасыр есімімен байланыстыра айтылатын аққаусынған, тақуасынған кісі. Қазіргі кезде Қожанасыр мінездес адамдарға да қолданыла береді: «Аттарының басы салбырай, тырна тізбектеліп, әпенді құсап ілбіп келеді» (Ғабиден Мұстафин, Көз көрген). Мұның көп жайылған жері Орта Азия түркі халықтары тілі. Өзбекше: «афанди» сөзінін төрт түрлі мағынасы бар. Солардың ішінде қазақ тіліндегісіне сәйкес келетіні «аңқау», «дарақы» мағынасын беретін түрі; ұйғыр тілінде: әпәнди

  1. мырза;
  2. қалжыңбас.

Сөздікте бұл мағынада оны Синьцзян ұйғырлары қолданылатыны белгіленген. Қазақ тіліндегі мағынада, «апенде» тұлғасында қырғыз тілінен де табамыз. Түріктерде «эфенди» қалпында дыбысталып, мағынасы — ер адамдармен сыпайы қарым-қатынаста қолданылатын сөз делінген. «Эпенді» сөзі парсы тілінде де бар: әфәнди — мырза. К. Юдахинның пікірінше, парсы тіліне грек тілінен ауысқан. Сөйтіп, казіргі қолданылып жүрген «әпендінің» төркіні грек тілі екен де, алғашқы мағынасы біздегідей «аңқау», «дарақы» емее, «мырза» дегенді білдірген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала