Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әйәй"
ш (clean up, replaced: Бес жүз бес сөз.—Алматы → Бес жүз бес сөз.— Алматы, Рауан, 1994. → Рауан, 1994 жыл. using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:05, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Түсіндірме сөздік бойынша, сөз мағынасы — көркем, сұлу, әдемі: «Мына өзіміздін Адайда Ақбөбек атты әйәй қыз бопты» (С. Бақбергенов, Қайран шешем). Дәл осы тұлғада әрі мағынасы жақын сөзді басқа түркі тілдерінен кездестіре алмадық. Алайда түрікмен тілінде: «овадан» тұлғасы «сұлу», «әдемі» мағынасында кездесетінін көрсете кетеміз. Бірақ бұл сөз моңғол тілінен ауыспады ма екен деген ой да келеді. Өйткені ол тілде: овоо — көркем, тәуір. Тунгус-маньчжур тобындағы көптеген тілдерде «айа», «аи», «ай...ай», т. б. тұлғалар — жақсы, сұлу, кербез сияқты жағымды мағыналарда қолданылады. Сондай-ақ моңғол, бурят тілдерінде де: «аятай», «ая» сөздері — тәуір, оңды мағыналарын қамтитынын еске саламыз. Осы деректермен санассақ, тіліміздегі «әйәй» сөзі моңғол, тунгус-маньчжур тілдерінің әсерінен пайда болған деп топшылаймыз. Қазіргі тіліміздің түсінігіне салсақ «әйәй»— «жақсы» сөзін қайталау нәтижесінен «өте жақсы» мағынасын тудырып тұр.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify